Новости

Үлкен футбол «Қарасай» стадионына қайта оралды!

0 2

Петропавлдың басты спорттық аренасы Премьер-лиганың ойындарын қабылдауға дайын. Жаңартылған стадион енді УЕФА талаптарына сай, бұл солтүстікте еурокубок матчтарын өткізуге мүмкіндік береді.

Стадионда енді жасанды алаң, жылыту және автоматты суару жүйесі, жарықтандыру, электронды табло, жайлы трибуналар мен орындықтар бар. Секторлар үстіне жауыннан қорғайтын шатыр орнатылып, командалардың алаңға шығуы үшін орталықтан арнайы шығу жолы жасалды. Ойыншылар, төрешілер, қонақ команда мен БАҚ үшін трибуна астындағы бөлмелер стандартқа сай жабдықталды. Барлық өзгерістер футболшылар мен жанкүйерлер үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жақын болашақта 15 гектар аумақта футбол академиясын салу жоспарлануда. Оның құрамында 5 мың көрерменге арналған жабық манеж болады.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Қызылжар» футбол клубының жаттықтырушылар құрамы және ойыншыларымен кездесіп, биылғы маусымға қойылған мақсаттар мен міндеттерді талқылады.

— Бүгін біздің команда өз алаңында «Ұлытау» клубын қабылдайды. Солтүстікқазақстандық жанкүйерлерді «Қызылжарды» қолдауға шақырамын! Біз клубымыздың бұрынғы даңқын қайтаруымыз керек және стадион трибуналарын қайтадан лық толтыруымыз қажет. Бірге жеңіске жетеміз! — деп жазды өңір басшысы.

Комментарии

Комментарии для сайта Cackle
Загрузка...

Еще новости:

Читайте на Sportsweek.org:

Другие виды спорта

Sponsored